АБАЙДЫҢ «ТҰМАР» ДОМБЫРАСЫ ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына сәйкес, ұлттық сананы жаңғыртуда және бәсекеге қабілетті «Интеллектуалды ұлтты» қалыптастыруда ғибратты да өнегелі сөздерге толы Абайдың мұраларын мұқият оқу керектігі жөнінде ерекше атап өтті. Осылайша, өскелең ұрпақ Абайдың дара да сара жолын дамытып, жаңғыртып отырса, болашақта ел ретінде еңселеніп, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз деп түйіндейді. Осы бағытта, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен «АБАЙ МУЗЕЙІ ЖӘНЕ ҚОЛЖАЗБАЛАР ӘЛЕМІ» атты атты көрменің тұсаукесері салтанатты түрде ашылған болатын. Бұл дегеніміз – Абай рухы –және оның мұрасы Елорда төрінде. Ұлттық орталығымыздағы ғылыми-мәдени көрме экспозициясында Абайдың жеке заттары, қолжазбалары, фотосуреттері қойылған. Солардың ішінде ерекше атап өтетін құнды жәдігер – «ТҰМАР» ДОМБЫРАСЫ болып табылады. Осыған орай, осы көрме экспонаты туралы тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз. 1885 жылы Н.Долгополов Абай ауылынан қайтып оралғаннан кейін 1883 жылы ашылған Семейдегі өлкетану музейіне Абайдың үш ішекті тұмар домбырасын, қобызын, сыбызғыны, асатаяқ сынды қазақ халқының көне музыкалық аспаптарын өткізді. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары, абайтанушы Қайыржан Ғизатұлы Абайдың үш ішекті домбырасы туралы кеңінен тың ақпараттарымен бөлісті. Атап айтатын болсақ, үш ішекті домбыраны ең алғаш Шыңғыстау өңірінің Тобықты еліне үш ішекті домбыраны әкеліп таныстырған және сол домбырада ән мен күй тарта білген Абай Құнанбайұлы еді. Абайдың өтініші бойынша Мұқа (Абайдың ақын-шәкірті) домбыраға бір шек қосып, үш шекті домбыраны жасап шығарады. Себебі қазақ халқының әндерін ғана емес, өзге де елдердің әндерін орындап, Ұлы дала еліне таныстыру үшін еді.Үш ішекті домбырамен ән салып орындауы және күй тартуы күрделі болып табылады Осыған орай, көптеген адамдар үш ішекті домбыраны тартуда қиналғандықтан, домбыраның үшінші шегі – «ЖЕТІМ ШЕК» деп те аталып кеткен. Абайтанушы Қайыржан Ғизатұлының мәлімдеуінше, Абай домбырасына «Тұмар» деп атау берген Абайдың қорық-музейін 33 жыл басқарған абайтанушы, Абай мұрасы жөнінде зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер Төкен Смайылұлы Ибрагимов еді. «Тұмар» домбырасы – музыкалық аспаптардың ішіндегі ең киелісі де қасиетті деген ұғымдармен мағыналас болып келеді. Себебі, осы үш ішекті домбырамен тек санаулы адамдар ғана ойнап тарта білген. Солардың ішінде Абай Құнанбайұлының қасынан табылған әнші Әлмағанбет Қамсәләмұлы, Шәкәрім, Ақылбай атты ақын-шәкірттері еді.Кейінгі кезеңде, үш ішекті домбыраны орындаушылар қатарында 1991 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа бата берген ақын Шәкір Әбенов, Шәкәрімнің әндерін ең алғаш уағыздаушы және халық арасына таратушы Келденбай Өлмесеков, музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрім және күй зерттеушісі Рүстем Нүркенов болып табылады. Қазіргі таңда, Рүстем Нүркенов Абайдың күйлерін үш ішекті домбыраға салып тартып жүр.фото: kazinfrom