АБАЙ ОҚЫҒАН ИБН ХАЛДУННЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-сі мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Абай музейі және қолжазбалар әлемі» атты ғылыми-мәдени көрмеде Абай музейінің сирек қорынан бірнеше қолжазбалар көрмеге қойылды. Солардың ішінде, 1855-1859 жылдары аралығында Абайдың Ахмет Риза медресесінде оқыған араб қарпіндегі кітаптар арнасы бар. Солардың бірі де, бірегейі X-XI ғасырлар аралығында өмір сүрген араб тарихшысы Ибн Халдунның еңбектерінің түрікше аудармасы еді. Бұл 1858 жылы, hижра жылы бойынша 1275 жылы басылып баспадан шықты. Аталмыш еңбекте мұсылман елдері мен Африка елдерінің тарихы, көбінесе араб елдерінің ішкі мемлекеттік құрылысы, тайпалар тарихы баяндалған.