АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ» (АБАЙ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҒИБРАТТЫ ДА ҒАҚЛИЯ СӨЗДЕРІ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ НАЗАРЫНДА) АТТЫ ӘДЕБИ КЕШІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ұлы даланың ұлы ақыны» (Абай мұраларындағы ғибратты да ғақлия сөздері өскелең ұрпақ назарында) атты әдеби кеші өткізілді.Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы ойшыл, ғұлама, ұлы Абайдың шығармашылығына арналған әдеби кешке «№70» мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары қатысып, көкейінде жүрген Абай Құнанбайұлы тұлғасы және оның мұрасы туралы сұрақтарын қойып пікір алмасты. Ең алдымен оқушылар Ұлттық орталығымыздың көрме залына барып, Ұлы дала елінің тереңінен бастау алатын жазу тарихының қалыптасуы мен дамуы туралы мектеп оқушыларының толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Нәтижесінде, мектеп оқушылары көрме залы бойынша білген-түйген ақпараттарымен өзара бөлісті. Ұлы дала елінің Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты Ұлттық орталымызда «АБАЙ ӘЛЕМІ» атты көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушылары сирек кітаптар топтамасымен танысып, жаңа рухани-білім нәрімен сусындады деп толыққанды сеніммен айта аламыз. Сонымен қатар, Ұлттық орталық директорының орынбасары Қайыржан Ғизатұлы «Ұлы даланың ұлы ақыны» (Абай мұраларындағы ғибратты да ғақлия сөздері өскелең ұрпақ назарында) атты ашық дәрісін өткізіп, Абай Құнанбайұлы тұлғасы мен оның мұрасы, тағы басқа өзекті де тың мәліметтерімен бөлісіп, оқушылар терең де мағыналы сұрақтарын қойып, қызықтырған мәселелері бойынша жауаптарын алды. Нақтылап айтатын болсақ, абайтанушы Қ. Ғизатұлы өз тәлімді дәрісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласымен сабақтастыра отыра, Абай тұлғасы және оның мұрасы Жидебай өңіріндегі Абайдың мемориалдық музей-үйі, 6400 гектар қорық аймағына қарайтын 16 тарихи орын туралы «Инттелектуалды ұлт» мәселесін баса қадап айтты. Қорытындылай келе, Ұлы даланың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мұрасымен тереңірек танысуы және болашаққа наисхаттап айтуы келешек ұрпақ еншісінде!