Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражаймен жасалған келісім

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Садуов Асылхан Жұмабайұлы мен Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Басшысының м.а. Ыдырысов Айбат Сейсенбекович ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

Мәдениет және өнер салаларындағы ынтымақтастықты арттыру, тарихи мұраны сақтау, оның ішінде, Академик Қ.И.Сәтбаевтың, акын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпеев, акын С.Торайғыровтың калдырған мураларын, құжаттарының көшірмелерін насихаттау аясында өзара түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, көрмелерді өткізу бағыттары бойынша келіс-сөздер жүргізілгеннің нәтижесінде алдағы уақытта қос мекеме ағымдағы жылдың тамыз айында көрме ұйымдастыратынын хабарлайды.

Leave a Reply