АЛАШ АРЫСЫ – МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ 135 ЖАСТА

Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көрнекті тұлғасы, жалынды ақын, сан қырлы талант иесі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына орай, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еразия Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, белгілі алаштанушы-ғалым Қайырбек Кемеңгермен мәнді де мазмұнды оналйн «ZOOM» сұхбат өтті.
Аталған сұхбатта қайраткердің ұлт-азаттық Алаш қозғалысы тарихындағы рөлі, Міржақып Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметінен сыр шертетін деректік құжаттар арнасы және Гүлнәр Міржақыпқызының Алаш қайраткерлері жайында естеліктері туралы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Міржақып Дулатұлының тұлғасы мен мұраларының зерттелу мәселелері турасында әңгіме өрбітілді.