АЛМАТЫ ШАhАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ІС-САПАР ЖАЛҒАСУДА

Алматы шаhарындағы ғылыми іс-сапарлар жалғасуда. Осы ретте, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Пәрімбекова Кәмшат Пазылқызы және Ұлттық орталықтың ғылыми кеңесшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы Алматы шаhарындағы ҚР БҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен «Ғылым Ордасы» Орталық Ғылыми кітапханада болып, ғылыми іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Ғылыми кеңесшісі, профессор Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы және Пәрімбекова Кәмшат Пазылқызы Шығыстану институтында профессор Әбусейітова Мерует Қуатқызымен кездесіп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әкелінген деректер мен құжаттар бойынша мәселелерді талқылады. Нәтижесінде, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ұлттық орталыққа бірқатар кітап дүниелерін сыйға тартты. Ал, келесі ғылыми іс-сапар ҚР БҒМ «Ғылым Ордасы» Орталық Ғылыми кітапханада жалғасып, «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімінің жетекшісі Әбікова Гүлшат Мәсәлімқызы кітапхана қорымен және электронды каталогымен таныстырды. Нәтижесінде, еліміздегі қолжазбалар және сирек кітаптардың сақталуы бойыншада мәселелерді талқылап пікір алмасты.