Алматы қаласы “Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві” РММ-і мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы арасында екіжақты ынтымақтастық келісім орнады.

2019 жылдың 16 сәуір күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Болдыков Жандос Бекділдаұлы Алматы қаласындағы “Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві” РММ-де биылғы жылы орталықтың құрылғанына 45 жыл толуына байланысты іс-шараға қатысты. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық келісімшартқа қол қойылды және ҒТҚ жинақтайтын мамандандырылған архивпен ынтымақтастық аясында қызметкерлердің біліктілігін арттыру, мемлекеттік мұрағат құжаттарын есепке алу мен бақылау жұмыстары жоспарланды. Кездесу соңында орталығымызға “Из истории проектирования обьектов культуры г. Алма-Аты (1930-1980-е гг.” Сборник документов және “Ғасырлар тарихын-мәңгі сақтаймыз!” секілді тарихымызы насихаттайтын кітаптар сыйға тартылды.

Leave a Reply