«Астана – Алаш арманы» атты тақырыптық көрмесінің ашылу салтанаты

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жыл мерей тойына Ұлттық орталығымызда Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Астана – Алаш арманы» атты тақырыптық көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.

Көрмеде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі қорынан тұңғыш рет – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің бойтұмары, Жүсіпбек Аймауытовтың «Сюзане» кілемі мен өз қолымен жасаған заттары және екі ғалымның бір біріне жазған хаттары, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1933 жылы шыққан толық шығармалар жинағы, Иса Байзақовтың шапаны мен тұтынған заттары, Жаяу Мұсаның қобызы, Е.Беркімбаев әндері ноталарының түпнұсқасы, Шәкен Аймановтың «Алдар көсе» филімінде киген бөрігі және ұлт мәдениеті мен тарихына байланысты көптеген қолжазбалар, өзге де әдебиет және өнер майталмандарының жеке заттары, фото-суреттері, сол секілді музей қорында сақталып отырған араб графикасында, латын ғарпінде шыққан сирек кітаптар көпшілік назарына ұсынылады.

Leave a Reply