ауд Арабиясы корольдігі Ислам істері министрінің кеңесшіс…

Қазақстанның тарихы тың деректермен толығуы мүмкін. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорына өте бағалы жәдігерлер табысталды. Сауд Арабиясы корольдігі Ислам істері министрінің кеңесшісі 7-9 ғасырлардан бастап 20 ғасыр аралығында өмір сүрген ғалымдардың қолжазба көшірмелерін әкелді.

Жинақ 1 миллион 400 мың парақшадан тұрады. Оның ішінде қазақ жерінен шыққан ғұламалар туралы да ақпарат көп. «Жәдігер толық зерттелген соң тарихтың бүгінге дейін беймәлім болып келген тұстары анықталуы мүмкін», – дейді ғалымдар.

Әміреқұл Әбуов, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары: – Бүгінге дейін бұл зерттелмеген. Бізді қызықтырғаны – Түркістаннан шыққан бірнеше ғұламалардың, Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары. Әрине, біз мұнымен ғана тоқтап қалмаймыз. Бүкіл Қазақстанның тарихшылары, әдебиет, мәдениетшілері, тілшілері бар, бұларды қызықтырмай қоймайды деп ойлаймын. Неге десеңіз, ақиқат, шындық әркезде қолжазба, түпнұсқалардан шығады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Leave a Reply