АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ҰЛЫ АБАЙ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 10 тамыз – Ұлы Абай күніне орай қазақстандықтарды құттықтады.

 «Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі ұрпақтарының алдында тұрған міндеттің бірі. Сайып келгенде, бұл тек биыл ұлы ақынның 175 жылдығында атқарылатын шаруа емес. Осы жылдан бастау алып, Мəдениет жəне спорт министрлігінің негізгі идеологиялық бағытына айналады», – делінген Министрдің құттықтау хатында.

Министрдің кезекті құттықтау хатында әлемді жалмаған пандемияға байланысты мәдени-ғылыми іс-шаралар онлайн форматта өтетіндігін атап көрсетті. Олар: «Семейдегі Қазақстан Республикасы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында «Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат» атты халықаралық конференция, «Абай мұрасы – ұлт руханиятының алтын өзегі» атты онлайн кездесу, «Абай мұрасы» атты онлайн-музейлік дəріс, «Абай – халықтың даналығы» виртуалды көрмесі, «Абай əлемі» онлайн-концерті, ұлы ақын мерейтойына орай, бейне-дəріс» өтетіндігін атап көрсетті.

Құрметті отандастар, ардақты ағайын, баршаңызды мəн-маңызы жоғары, рухани мерекемен шын жүректен құттықтаймын!”,-деп жазылған құттықтау хатында.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі