АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: «МУЗЫКА – ӨМІРІМНІҢ МӘНІ МЕН НӘРІ» АТТЫ «АНА ТІЛІ» ҰЛТ ГАЗЕТІНДЕ КЕЗЕКТІ СҰХБАТЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының Музыка – өмірімнің мәні мен нәрі» атты мәнді де мазмұнды  сұхбаты «Ана тілі» Ұлт газетінде жарық көріп оқырман назарына жол тартты.

Министрдің ғибратты сөздерге толы кезекті сұхбатында, ең алдымен  тарихта ізі қалған асыл азаматтарымыз, тарихи тұлғаларымыз, яғни Ғафу Қайырбеков, Сырбай Мәуленов, Хамит Ерғалиев, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Мұқағали Мақатаев секілді қайраткерлердің тұлғасын көріп, сол тұлғалардың ортасында өсіп,  талай туындыларын өзара оқығанына куә болғандығы жөнінде ерекше атап көрсетеді. Cонымен қатар, әдебиетке, музыкаға және сұлулыққа жетелеуге әсерін тигізген отбасынан алған өнеге екендігі жөнінде атап өтеді.

Сондай-ақ, Министр «Тәңір сыйлаған өнерді, талантты, дарынды көрсетіп, оны өз деңгейінде алып жүру үшін үлкен табандылық керек. Ал бойыңдағы барыңды қоғамға беру үшін әрдайым еңбектенуге тиіссің» атты ұстаздарының айтқан ақылдарын негізге ала отыра, олардың ерен еңбектерін атап көрсетеді. Осы ретте, музыка мәселесіне тоқтала келе, министр сұхбатында келесідей баяндайды: «…қандай қызметте жүрсем де шығармашылыққа қалай да уақыт табамын. Таңда ма, түнде ме – бәрібір. Себебі музыка – өмірімнің мәні мен нәрі. Дәрігерлер науқасқа көмек көрсетпей тұра алмайтыны секілді, мен де музыка жазбай отыра алмаймын».

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың кезекті сұхбатынан ғылым, мәдениет және өнер саласындағы дарынды жастарды қолдауға байланысты, спортшылардың допингке қарсы өзекті мәселелеріне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздегі киелі жерлерінің бірыңғай белдеуін – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын құру, тарихи-мәдени нысандар, тіл,  туризм, кинематография және өзге де түйткілді тақырыптағы мәселелерге тоқталды. Биыл «Ана тілі» газетінің жарық көргеніне 30 жыл толуына орай, Министр басылымға ризашылығын және тілегін білдірді.