Ақтоты Райымқұлова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтау хатын тапсырды

Алматыда Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында өткен салтанатты жиында  «Қыз Жібек» көркем фильмінің экранға шыққанына 50 жыл толғанына орай КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері А.Әшімов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Өтекешева және Қазақтың тұңғыш дыбыс режиссері, киноматография ардагері Қ.Н.Қосай Министрдің қолынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтау хатын алды.

“Еңбектері еленіп, марапат алғандарды осы жетістіктерімен құттықтаймын. Шарамыз Тәуелсіздік күнімен қатар келіп отыр. Тәуелсіздік – Алаш арман еткен, бүгінгі ұрпақтың бағына бұйырған, асыл қазына. Еліміз осы биігін ғана місе тұтып қоймауы керек. Әрдайым ілгері дамуға ұмтылуымыз шарт. Соның ішінде, руханиятымыз түгесілмеуі үшін мәдениет саласына ден қойылуы керек-ақ”, – деді Асанәлі Әшімов.