А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Бүгін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұжымы Түркістан облысының А.С.Пушкин атындағы кітапханасымен ZOOM платформасында кездесу өткізіп, еліміздегі сирек мұралар мен қолжазбалар бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар модераторы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары Қайыржан Ғизатұлы жүргізді. Сондай-ақ, «Көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Анар Романовна ұлттық орталық қорындағы сирек мұралар туралы баян етсе, ал «Есепке алу, сақтау және қалпына келтіру» бөлімінің жетекшісі Сырым Сайлауұлы сирек мұраларды реставрациялау бойынша ойларымен бөлісті. А.С.Пушкин атындағы кітапханасының басшысы Шарбану Әлмаханбетқызы өздерінің қорындағы кітаптарымен және сирек мұраларын таныстыра келе, 243 мыңға жуық кітаптың 313-і сирек кітаптар екендігі және солардың ішіндегі ең көнесі 1836 жылы жарық көрген орыстың белгілі ақыны, ойшыл А.С.Пушкиннің кітабы деп атап көрсетті.