А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен онлайн кездесу

2 желтоқсан күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Бибігүл Шагиева бастаған ұжыммен онлайн форматтағы кездесу өткізді.
Бибігүл Жамбылқызы кітапхананың негізгі атқарып отырған жұмысымен және қорымен таныстыра келе, қазіргі таңда кітап қорында 1846 жыдарда шыққан көне кітап бар екенін бірақ, мұндай кітаптардың факсимильді және репрентті басылымдар екенін жеткізіп, түпнұсқадағы 1940 жылы шыққан «Алтай большевигі» атты өлкелік мерзімді басылымның бар екенін, сондай-ақ кітаптарды сандықтау әлі де бір жүйеге келмегені жайлы және Қазақстанда жалпы сирек қор деп танылатын жазба мұраларға қатысты қабылданған концепция, кретерий және іріктеу әдістемесі жоқтығын айтып өтті.
Алдағы уақытта кітап қорындағы, сондай-ақ ауыл аймақтағы сирек кітаптар мен қолжазбалар болған жағдайда көшірмесін беруге, бірлесе жұмыс жасауға өз тараптарынан қарсылық білдірмейтіндерін жеткізді. Ұлттық орталықтың директоры Мәлік Отарбаев еліміздегі кітапханалармен бірлесе отырып, ұлттық орталықтың кітап қорын толықтыру, сирек кітаптардың бірегей платформасын қалыптастырудың даму стратегиясын жасау қажеттігін алға тартты. Алда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланды.