ҚР Парлемен Сенатының Төрағасы Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары

Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасымен бірлесіп дайындаған Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Ұлы Жібек жолындағы кітап басу ісі» көрмесіне ҚР Парлемен Сенатының Төрағасы Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Көрмеде ұсынылған ең құнды экспозициялар: Марко Полоның “Жібек жолы”, Азиаттық Ресейдің атласы, “Көркем Ресей” 12 том, «Жібек жолы» және т.б. Сондай-ақ адам терісінен жасалған кітап ұсынылды. Оның ескі латын тілінде болғандықтан, мазмұны әлі күнге белгісіз.

Халықаралық Мамандандырылған «ЭКСПО-2017» Көрмесі аясында ұйымдастырылған Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Ұлы Жібек жолындағы кітап басу ісі» көрмесі туралы ҚР Парлемент Сенатының Төрағасы Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаев авторы Наталья Курпякова жазған “Казахстанская правда” газетінің (22.08.2017) басылымынан оқып келіпті.

Leave a Reply