ДИВАНИ ЛУҒАТ-АТ-ТУРК (Түркі тілінің сөздігі немесе түркі сөздерінің жинағы)

ДИВАНИ ЛУҒАТ-АТ-ТУРК (Түркі тілінің сөздігі немесе түркі сөздерінің жинағы).

Араб тілінде жазылған, Кайр, 1333 ж. авторы Махмұд Қашқари. Ол түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Туған және қайтыс болған жылдары белгісіз.Бұл сөздік еңбек – үш том, сегіз кітаптан тұратын 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген.

“Түркі сөздерінің жинағында” үш үлкен мәселе қарастырылған:

1. Сөздікте түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Көптеген түркі ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын, өмір сүру дағдыларын баяндайды. Сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттарымен өбірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін тізбектеп береді.

2. Сөздікте тіл мәдениетіне ортақ тілтану лингвистикалық әдістемесін қолдана отырып, әр түрлі ұлыстардың тілдерін өзара салыстыра қатар зерттеу тәсілін қолданған, сол арқылы түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін қалап кеткен.

3. Сөздікте көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барыс хан, Тараз, Баласағұн, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді.

Leave a Reply