ЕЛБАСЫ: ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ, РУХЫ, ТАРИХЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ, БҮКІЛ БІТІМ-БОЛМЫСЫ

Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаламынан туындаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының алатын орны ерекше. Себебі, аталмыш мақалада «XXI ғасырдағы сана туралы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Прагматизм» атты тарауларында ұлттық кодтың, мәдениеттің және рухани жаңғырудың маңыздылығы туралы келелі ойлар қамтылған. Дәлел ретінде келтіретін болсақ, Елбасы өз мақаласында былайша көрсетеді: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» дей келе, қазақ ғұлама-ойшылдарының есімдерін атап, Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана». Осылайша, ұлттық мәдениетімізді ардақтап, тарихи тұлғалардың есімдері мен мұраларын әрқашан өскелең насихаттап айтуымыз керек.

Осы ретте, Елбасы ұлттық мәдениеттің сақтаудың бір төте жолы және өскелең ұрпақ есінде мәңгі қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың маусым айының 12-ші жұлдызында елімізде шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық Домбыра күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша, шілде айының алғашқы жексенбі күні елімізде «Ұлттық Домбыра» күні әр жыл сайын аталып өтеді.

Осы ретте, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-сі барша қазақстандықтарды ұлттық тәрбие мен білімнің қайнар көзіне айналған «Ұлттық Домбыра» күнімен құттықтай отыра, ұлттық мұраларымыз бен аспаптарымыз одан әрі әлемге танылып, еліміздің бай мәдени мұрасы одан әрі толыға берсін!Фото: БАҚ алынды