ЕЛБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ « Ұлттық архиві» және «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» «ЕЛБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ!» тақырында құжаттық көрменің салатанатты ашылу рәсімін өткізді.

Көрмеге еліміздің зиялы өкілдері, сондай-ақ аспанға аяқ басқан Алаштың үшінші ұлы, «Халық Қаһарманы», Қазақтың қыраны – Айдын Ақанұлы АЙЫМБЕТОВ пен Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы – Бақытжан Ертайұлы ЕРТАЕВ қатысты.

Тәуелсіздіктің бүгінгі ұрпағы асыға күткен төл мереке – көрменің ашылу салтанатымен бастау алып, кейіннен дөңгелек үстелмен ұласып, соңы Қос қаһарманның Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының көрме залына саяхат жасаумен, сондай-ақ, алтындай қолжазбаларымен: «Әлем елдерінің бас қосатын халықаралық орталығына айналсын.» – деген, тілек білдіруімен қортындыланды.

Leave a Reply