ЕЛОРДАҒА – 22 ЖЫЛ» АТТЫ ОНЛАЙН ҒЫЛЫМИ ВЕБИНАР

Халық даналығында «Су түбінен асыл тас су толқыса шығады, ой түбінен асыл сөз ой толқыса шығады» демекші, осыдан 22 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола еліміздің бас қаласы болып жарияланды. Осы ретте, Елорданың тарихына байланысты елімізге белгілі ғалым-профессорлардың маңызды да дәйекті дәрістері қамтылған «Елордаға – 22 жыл» атты онлайн ғылыми вебинарды Сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің қабырғасында өткен «Елордаға – 22 жыл» атты онлайн ғылыми семинар шымылдығын ҚР қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы салтанатты түрде ашып, еліміздің бас қаласы төңірегінде келелі де ғылыми тұжырымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, ғибратты да ғақлия сөздерімен және ғылыми, дәйекті тұжырымдарымен бөліскен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Мақсат Алпысбес, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к., Мұхаметжанова Нұргүл Ахметжанқызы, ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институы» ММ-нің бөлім бастығы, п.ғ.к., Қалиев Жабай Нұрмақұлы, ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институты» ММ-нің жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., Сейітқали Дүйсен Жахияұлы. Осы ретте, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы аталмыш ғылыми вебинардың ұйымдастырушысы, профессор, т.ғ.д. Дүкенбаева З.О. және ғалым-профессорларға мәнді де мазмұнды дәрістеріңіз үшін алғысын білдіреді.