«Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбындағы жылжымалы көрменің ашылуы өтті

2019 жылдың 3 мамыр күні сағ. 11.00-де «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ұйымдастырған «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбындағы жылжымалы көрменің ашылуы өтті.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және жоғарғы оқу орындарының студенттері, №84, 73 мектеп оқушылары қатысты.

Көрменің мақсаты – ХХ ғ. 30-50-шы жылдардағы кеңестік идеологияның қолдан жасаған қайғылы қасіреті мен тарихи оқиғаларын есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, жас буын ұрпақтарына патриоттық сезім ұялату және адамгершілік рухында тәрбиелеу.

Көрмеде – тарихымыздың ақтандақ беттерінің ең ауыр кезеңі Сталиндік дәуірде жазықсыздан жазықсыз жапа шеккен аналарымыздың фото суреттері, құжаттары мен жеке заттары, сонымен қатар, қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің туындылары қойылды.

Көрме 17 мамырға дейін жалғасады.

Өтетін орны: Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Көрме залы (Кіру – Ақмешіт көшесі жағынан)

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Нұржол желекжолы, 12.

Тел. 8 (717) 2769152, 8 778 4378313 nc-ais@mail.ru

Leave a Reply