«Жібек жолы бойындағы қолжазбалардың даму тарихы» атты лекция

2019 жылдың 17 қаңтар күні сағат 11.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Жібек жолы бойындағы қолжазбалардың даму тарихы» атты лекция өтті. 
Лекцияның мақсаты – жаһандану кезеңінде ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын насихаттап, жас ұрпақ санасына сіңіру,төл тарихымыз бен мәдениетімізді, яғни оқиғалар мен тұлғаларды уақыт тізбегімен жіктей келе тарихи сананы жаңғырту. Лекцияға Астана қаласы №27 мектеп-лицейінің 9- сынып оқушылары, ұстаздар және орталық қызметкерлері қатысты.
Лекцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы мен орталығымыздың қызметкері Ә. Жабықбай жүргізді.

Leave a Reply