Иран Ислам Республикасының Мешхед қаласындағы жоғары деңгейде дамыған Астан Кудс Разави кітапханалар, музейлер мен құжаттар орталығы ұйымына іссапар

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Садуов Асылхан Жұмабайұлы және орталық қызметкерлері Иран Ислам Республикасының Мешхед қаласындағы жоғары деңгейде дамыған Астан Кудс Разави кітапханалар, музейлер мен құжаттар орталығы ұйымына іссапармен келді.
Астан Кудс Разави Иранның Мешхед қаласында орналасқан, имам Резаның кесенесі мен өзіне қарасты ұйымдарды басқаратын мемлекеттік емес дербес қайырымдылық қоры болып табылады. Осы қорға қарасты ұйымдардың бірі – Кітапханалар, музейлер мен құжаттар орталығы. Астан Кудс Разавидің орталық кітапханасының мәдениет пен руханият ошағына айналғанына көптеген ғасырлар болды. Ислам Революциясынан кейін Орталық кітапханада түбегейлі өзгерістер орын алған. Бұл кітапхана қазіргі кезде әлемдік кітапханаларда қолданылатын жаңа әрі инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалануда. Дәстүрлі және заманауи архитектураның элементтерін қамтыған Орталық кітапхананың жаңа ғимараты 1995 жылдың сәуір айының 11 күні ИИР-ның сол кездегі президенті, көрнекті саяси және мәдени тұлғалар, зерттеушілер мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткен ашылу салтанатынан кейін қолданысқа берілді. Орталық кітапхананың аумағы 28800 шаршы метрді құрайды. Бұл ұйымға қарасты Иран бойынша мамандандырылған және қоғамдық 51-ден астам кітапхана және Үндістан елінде бір кітапхана бар. Кітапхана қоры жалпы алғанда 28 миллион дереккөзді қамтиды және күніне келушілердің саны 20 мың адамнан асады. Қазіргі кезде Кітапхана қорында 155 мыңнан астам сирек кездесетін қолжазба мен литография бар. Сонымен қатар, Астан-е Құдс-е Резавидің кітапханалар, музейлер мен құжаттар орталығының цифрлық кітапханасы 2011 жылы дереккөздерді, соның ішінде, қолжазбалар, литографиялар, құжаттар, газеттер мен басқа да құжаттарды электронды жүйеге көшіру арқылы қызмет ете бастады. Қазіргі таңда цифрлік кітапхананың ресурстарын 112 елден 15237 адам пайдалануда. Ал жалпы пайдаланушылардың саны күніне 360 мың адамға дейін жетеді.

Leave a Reply