«Иран өнері Фаршчиян миниатюраларында» атты көрме

2018 жылдың 10 шілдесінде Астана қаласының 20-жылдығын мерекелеуге арналған мәдени іс-шаралар шеңберінде Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігі Мәдени өкілдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Иран өнері Фаршчиян миниатюраларында» атты көрме өткізілді.

Қазіргі иран суретшісі Махмуд Фаршчиян картиналары ұсынылған көрмеге, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу мырза, Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Кеңесшісі, Иран мәдени орталығының директоры Масуд Шейх Зейнеддин мырза, Қазақстандағы аккредитталған дипломатиялық миссияларының өкілдері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Махмуд Фаршчиян – Мұсылман әлемі мен Батыста кеңінен танымал Иранның атақты суретшісі. Махмуд Фаршчиянның Европа, Азия, Америка елдерінде жеке көрмелері өткен парсы сурет өнерінің майталманы. Ол классикалық парсы миниатюрасы канондарын батыстың көркем мектебімен шебер үйлестіре білген шебер өнер иесі.

Бүгінгі таңда Махмуд Фаршчиян суреттері иран және шетелдік мұражайларында ғана емес, сонымен қатар Нидерландының ағылшын хан сарайларына қойылған және әртүрлі мемлекеттердің Елбасыларымен алынған. Кейінірек шебер АҚШ-қа көшіп келіп, енді Нью-Йоркте өзінің бірегей стилінде жұмысын жалғастыруда.

Көрме 2018 жыл шілде айының 10-нан 20-на дейін өтеді.

Leave a Reply