“Ислам каллиграфия өнері”

Бүгін 14 ақпан күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе отырып, “Ислам каллиграфия өнері” атты көрмесінің тұсаукесерін өткізді (IRCICA, Түркия)
“Ислам каллиграфия өнері” көрмесінде 27 сурет қойылды.
Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін ғылыми-зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры, доктор Халит Эрен, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық мекемелердің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар.
“Ислам каллиграфия өнері” көрмесі 2019 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасады. Барлықтарыңызды күтеміз!!!!!

Leave a Reply