Қазақстандық архивтер: жаңару жолында

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылдың 18 тамызында Вице-министр А. Райымқұлованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңесінің жауапты қызметкерлерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, архив мекемелерінің басшыларының қатысуымен «Қазақстандық архивтер: жаңару жолында» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығындағы сирек кітаптармен танысты. «Ұлы Жібек жолындағы баспа ісі» деп аталатын сол күнгі көрме тақырыбы келушілеріміздің қызығушылығын оятты. Сонау Қытайдан бастау алатын Ұлы Жібек жолы тарихымен танысып, сол кездегі баспа ісіне байланысты шыққан кітаптар мен қолжазбаларды тамашалады.

Тарих пен тағылым, салт пен дәстүр, мәдениет пен өркениеттің орталығын тамашалауға сізді де шақырамыз!

Leave a Reply