Қазақстан мәдениет саласында Гонкгонг қаласымен ынтымақтастықты нығайтады.

2018 жылы наурыз айының 20-21-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы К.С.Уалиев, Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының директоры А.Ж. Садуов және ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Ж.К.Таймағамбетова жұмыс сапарымен Қытай халық республикасының Арнайы әкімшілік ауданына (АӘА) барып қайтты, нәтижелері бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Гонкгонгтың АӘА ішкі мәселелері бойынша Бюросымен мәдениет саласында Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас Консулдығының қолдауымен жасалған Меморандумы мәдениет, өнер, тарихи мұраны сақтау, түрлі мәдени іс-шараларды, фестивальдарды және көрмелерді өзара тиімді өткізуге байланысты Қазақстан-Гонконг ынтымақтастығын нығайтудың негізін қалады.

Сапар аясында қазақстандық делегацияның Гонконг Әкімшіліктің ішкі мәселелерінің Хатшысы бойынша Лау Конг Вамен, АӘА-ның  мәдениет және демалыс Департаменті басшылығымен, алдыңғы қатарлы музейлер және мәдени нысандармен екіжақты кездесулер өткізілді.

Екі жақты негізде шығармашылық ұжымдардың қойылымдарын, мамандандырылған оқу орындарының студенттері үшін кәсіби тағылымдамаларды ұйымдастыру және ғалымдар мен суретшілер арасындағы байланыстарды орнату туралы бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Делегация Гонконгке келу барысында Азиаттық-Тынық мұхит хабы аймағы ретінде танылған, АӘА мәртебесін нығайту бойынша өткізілетін жергілікті әкімшіліктің дәйекті жұмысымен, тиісті қалалық инфрақұрылымды дамыту бойынша қолданатын іс-шаралармен, жастардың шығармашылық әлеуетін ілгерілету жұмыстарымен,  дәстүрлі және қазіргі заманғы өнер түрлерін дамыту үрдістерімен танысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері бірқатар айтулы мәдени, спорттық және қаланың  білім беру объектілерін көріп қайтты.

Гонконг Политехникалық университет базасында Гонконгта оқитын қазақстандық студенттермен және жоо-ның профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу ұйымдастырылды, оның барысында аудитория “Рухани жангыру” бағдарламасының жүзеге асқандығын,  мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі, мемлекет басшысының соңғы әлеуметтік бастамаларының алға басуы жөнінде хабардар болды.

Қазақстандық делегация университет кітапханасына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың авторлығымен  шыққан кітаптар сериясын, сондай-ақ Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша суретті басылымдарды сыйға тартты.

Leave a Reply