«КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев бар өнегелі өмірін мемлекетті қалыптастырып дамытуға арнаған бірегей тұлға. Оның салиқалы және кемел саясатының арқасында елді және халықты әлемге таныта білген көшбасшы, кемеңгер  саясаткер.

Осы ретте, ҚР Тұңғыш Президент күніне орай, өскелең ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі және тұлға екенін таныту мақсатында  бүгін Елода төріндегі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен  Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейімен бірлесіп өткізген «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты ғылыми  дөңгелек үстел өтті.

         Аталған дөңгелек үстелге ҚР БҒМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» РММ-нің  «Ғылыми-ақпарат» бөлімінің басшысы, п.ғ.к. Қалиев Жабай Нұрмақұлы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері,  п.ғ.к. Дүйсен Сейтқали Жақияұлы және Ұлттық орталық директорының орынбасары Абайтанушы-ғалым Күзембаев Қайыржан Ғизатұлы мен орталықтың ғылыми қызметкері Иманғалиев Алмас қатысты.

Аталмыш дөңгелек үстелде  Елбасының әлемнің алты құрлығында жүзеге асырып отырған  жаhандық бастамалары, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының қаламынан туындаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларының тарихи маңыздылығы туралы келелі ойлар айтылды.