«Киелі Отырардан шыққан ғұлама ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фараби мұралары» атты дөңгелек үстел өтті

Ұлттық орталығымызда «Киелі Отырардан шыққан ғұлама ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фараби мұралары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Рухани мәдениетіміздің төлтума мұралары болып табылатын киелі Отырар – өзінің көне тарихи құндылықтарымен бүкіл әлем ғалымдарының, ЮНЕСКО-ның назарын өзіне аударған ұлттың рухани құндылығына елімізге белгілі фарабитанушы ғалымдары мен айтулы зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында түркі-ислам дүниетанымының бірегей туындылары болып табылатын ортағасырлық ғұлама еңбектерін зерттеп-зерделеу, жинақтау арқылы ғылыми айналымға енгізіп, отандық оқырман игілігіне айналдыру мәселелері ғылыми тұрғыдан талдап-таразыланды. Отандық фарабитанушы жас мамандарды даярлау, исламтану және дінтану мамандарын ортағасырлық мәтіндермен жұмыс жүргізуге бағдарлау, діни мәтіндерді қазіргі білім беру үдерісінде пайдаланудың тиімді тетіктерін қалыптастыру, олардың насихатталуы мен танытылуын ұйымдастыру мәселелері де шара барысында талдау назарына алынды.

 

Leave a Reply