«Ұлы Жеңіс – ер мен елдің жеңісі»

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, көрнекті жазушы, әйгілі партизан – Қ.Қайсеновтың 100 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс – ер мен елдің жеңісі» атты мәдени шара өткізілді.

Мерекелік шарада: ар мен намысты, Отанына деген адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен батырлардың бірі, Ұлы Отан Соғысының ардагері – Валиев Аубакир және жұбайы – Тыл ардагері Бекниязова Амантай; соғыс ардагері Момынкулов Тұрсынбай; «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы, ҚР Ғылым Академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Озғанбаев Өмірзақ мырза; ҚР Ұлттық архивінің директоры, «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақашов Жангелді Меңлібайұлы; Қасым Қайсеновты қылқаламмен бейнелеген суретші, «Партизан» картинасының авторы, суретші Мусалимов Аманжол және «Қасым» фильмінің бас кейіпкері – аты аңызға айналған Қасым Қайсенов атамыздың рөлін сомдаған, кино және театр актері, Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы степендиясының иегері, 2012 жылғы «Жыл патриоты» атағының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қыстықбаев Қуандық сынды ел азаматтары қатысып, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы туралы тарихи оқиғалар, толарсақтан қан кешкен қазақ сарбаздарының даңқты өкілі, сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі емес, бірегейі Халық қаһарманы, көрнекті жазушы, әйгілі партизан – Қасым Қайсеновтың (1918-2006 жж.) өмірі мен ерлік істері баяндалды.

 

Leave a Reply