«Киелі отырардың қасиетті мұралары» атты көрмесіне Менеджмент және бизнес колледжінің белсенді студент жастары келді

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК мен «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Киелі отырардың қасиетті мұралары» атты көрмесіне Менеджмент және бизнес колледжінің белсенді студент жастары қатысып, Отырардан шыққан ғұлама, ойшыл Әбу Нәсір әл-Фараби мұраларымен, Фарабидің араб тілінде жарық көрген шығармаларымен, «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактаты, «Аспан әлемі туралы ілім», «Музыканың ұлы кітабы» атты трактат т.б. және ғұлама жерленген Сириядан алып келінген заттай жәдігерлермен танысты.

Құрметті Астаналықтар және қала қонақтары!

Ата-баба дәстүрі мен мұраларын жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған көрмеге асығыңыздар!…

Leave a Reply