“Кітап – жан азығы” айдары. ШАРХ ТАҒЛИМ ӘЛ-МУТАҒАЛЛИМ (Ілім алушыны үйрету кітабының түсініктемесі».

“Кітап – жан азығы” айдары.
ШАРХ ТАҒЛИМ ӘЛ-МУТАҒАЛЛИМ (Ілім алушыны үйрету кітабының түсініктемесі».

Бұл құнды еңбек Һижра жыл санауы бойынша 1310 жылы, Шәууәл айының 21 күні және Осман империясының патшасы Осман ибн Сүлеймен ибн Сәлимхан әулетінен шыққан Сұлтан ибн Сұлтан он екіншінің 1309 ж. 24 ясан күні № 176 рұқсатымен шығыс мәліметтері осман тілінде жазылып шыққан. Аторы Исмағил ибн Осман Пазари.

Аннотация: Автор бұл кітапты көптеген жастар, ілім алушылар білім жолына түскенімен, одан дұрыс пайда ала алмай жатқанын ескеріп, білім алудың пайдасын түсініп, білімді дұрыс үйрену үшін осы еңбекті жазған. Кітап кіріспеден және он үш фасладан (тарау немесе бөлім) тұрады. Әр тараудың қысқаша мазмұны:

I тарау. Бұл тарауда ғылымның ақиқаты, мәні туралы, Жаратушы Раббыны тану ғылымы (ақида) және фиқҺ (ғибадат) ғылымы туралы айтылады.

II тарау. Бұл тарауда білім алудағы ниет туралы айтылады.

III тарау. Бұл тарауда білім, ұстаз және бірге білім алатын әріптестер таңдау, олармен ақылдасу, кеңесу және осы жолда берік болу туралы айтылады.

IV тарау. Бұл тарау ғылым және ғылым иелерін, яғни ғалымдарды құрметтеу, сыйлау туралы.

V тарау. Бар ықыласымен, беріле ілім іздеу және үнемі ілім алуын жалғастыру. Ілім алуға селқос қарамау және білім жолына түскеннен кейін арасын үзбей үнемі білімін жетілдіріп отыру.

VI тарау. Білім алуды сәрсенбі күннен бастау. Кез-келген жаңа бір ілімді үйренерде ол білімнің ең бірінші күні сәрсенбі күні болғаны және әрбір қайырлы істі сәрсенбі күні бастаған жақсы.

VII тарау. Тәуекел ету. Аллаға тәуекел етіп, ойын сан-салаға жүгіртпей осы жолға бел шеше кірісу.

VIII тарау. Білім алу уақыты. Тал бесіктен жер жер бесікке дейін білім алу қажет. Күнделікті білім алу үшін таңсәрі, ақшам мен құптан арасы ең абзал уақыт.

IХ тарау. Жанашырлық және насихат. Ілім жолына түскен адам басқаларға жанашырлық танытып, құрдастарына насихатшыл болуы тиіс. Өзінен озып кеткендерді көреалмау сипатынан, басқалар туралы жаман ойлаудан арылуы тиіс.

Х тарау. Үйренген ілімінен пайда алу. Яғни үйренген мәліметтерін қағазға түртіп алу.

ХI тарау. Уарғ. Уарғ – харам, күмәнді нәрселерден аулақ болуы.

ХII тарау. Есте сақтау қабілетіне әсер ететін нәрселер. Үнемі білім алу, аз тамақтану, түнде намаз оқу, бал ішу, Құранды кітапқа қарап оқу сияқты амалдар есте сақтау қабілетін күшейтеді, тәңертең ұйықтау, күнә жасау есте сақтау қабілетін нашарлатады.

ХIII тарау. Ризық-несібенің келуіне және кетуіне, яғни байлық пен кедейлікке себепші амалдар. Қажетінен артық тамақтанбау, дұға және басқа да себептері осы тарауда қамтылған.

Leave a Reply