“Кітап-жан азығы”

Құрметті біздің Оқырмандарымыз сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Әр дүйсенбі, сәрсенбі күндері біз сіздерді ұлттық орталығымыздың құнды да сирек кітаптарымен таныстыратын боламыз!!!
Олай болса Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ең құнды кітабы – Шарх фатх әл-Қадир маға такмиләти нәтәиж әл-афкар (Ислам құпия заңдары).
Авторы шейх Камалудин Мұхаммед. Үндістанның Ланкау қаласында араб тілінде басылып шыққан. Һижра жыл санауы бойынша 1274 жыл, Миллади (дүниауи) жыл санауы бойынша 1875 жыл шыққан
Бұл құнды қолжазба жалпы 4 томнан тұрады. Біздің қолымыздағы 3-4-том. 3-кітап 22 бөліктен тұрады. Онда ислам дініндегі адам құқы, құлды азат ету, т.б. мәселелері қарастырылған. 4-кітап үшінші кітапты толықтыру негізінде 17 бөлікке бөліп жазылған. Бұнда сауда-сатық, кепілге алу, кепілге беру, куәгер болу, т.б. қарастырылған.

Leave a Reply