ЛАТЫН ҚАРПІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН БАТЫС ЖӘНЕ ОРЫС ӘДЕБИЕТІ КЛАССИКТЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің қорынан латын қарпінде жарық көрген батыс әдебиеті классиктерінің қаламдарынан туындаған шығармалар туралы тоқталып кетуді жөн санап отырмыз.

Ең алдымен. eліміздегі жазу тарихына көз жүгіртер болсақ, араб алфавитінен латынға көшу басқа түркі республикалардағыдай секілді 1926-1929 жылдары біздің елімізде де жүзеге асыру кеңінен өріс алды. Осы кезеңде, өлкелік баспалардан «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп», «Лениншіл жас», «Жаршы», «Қазақ тілі», «Тілші», сондай-ақ «Советская степь» газеттерінің беттерінде латын алфавитіне көшу жөнінде әлденеше жүздеген құнды пікірлер айтылып, мақалалар жазылды. Сөйтіп, Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін және одан кейін де кеңінен қолданыста болды.

          Ұлттық орталықтың қорындағы кітаптарға көшетін болсақ, Сіздердің назарларыңызға 1938 жылы Алматы шаhарында «Қазақстан» көркем-әдебиет баспасында жарық көрген Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі Франсуа Рабленің «Гаргантюа және Пантагрюэль» атты шығармасында «отанды қорғау, тәрбие мәселесі, Пантагрюэль және оның достарының бастарынан кешкен оқиғалары және өзге де мәселелерді қозғайды. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» бес кітаптан тұрады және оны жазуға жазушы өмірін жиырма жылға жуық уақытын жұмсады», – деп атап өтеді Қобланов Ж.Т. «Шетел әдебиетінің тарихы» атты оқулығында.

1939 жылы Уильям Шекспирдің «Отелло» атты ғажайып туындысында Шекспир өз замананының озық идеяларын бейнелей отырып, жанды адамдар образын жасайды. Трагедияның бас қаһарманы – араб ұлтының өкілі Отелло. «Отелло» (1604) трагедиясының сюжетіне ХVІ ғасырда өмір сүрген итальян жазушысы Чинтионың «Венециялық мавр» новелласының мазмұны негіз болған.

1935 жылы баспадан шыққан А.С. Пушкиннің «Кавказ тұқтқыны» атты іргелі туындысында Пушкин романтикалық кейіпкер-замандасты бейнелеп және белгілі орыс жазушысы Белинский аталған шығарманы аса жоғары бағалай келіп: «Пушкин мұнда өмір шындығын романтикалық сатыға көтеріп, дәл және кеңінен бере білді» – деп жазады. Ал Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» (1938) атты романда автобиографиялық сарында жазылған және Украинадағы азамат соғысы, Антанта интервенциясы және өзекті саяси мәселелер көтерілсе,  ал «Дауылдан тұрғандар» (1941) атты баға жетпес мұраcында өзекті мәселелер көтеріліп оқырман қауымының қызығушылығын туғызды.