Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері.

Ел бүгіншіл,
менікі-ертең үшін.
А.Байтұрсынұлы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін барлығыз білеміз, түсінеміз. Міне қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнама, хабарламалар және ұйым атаулары латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде бастапқы жұмыстардың жасалып кеткені қашан. Ұлттық санамыздың қайта жаңғыруы жолында біздің орталығымыз да қалыс қалған жоқ, оны суреттегі су жаңа маңдайшамыздан байқаған боларсыздар!

Leave a Reply