МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТА

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ашылған жылы, яғни 2017 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (ол кезде – ҚР Парламент Сенатының Төрағасы) орталықта қонақта болып, көрмеміздегі бізге жеткен құнды жазба мұралармен танысқан болатын. Президенттің Тәуелсіз еліміздің тарихын тануда жазба мұралардың орны маңызды екенін және отан тарихының зерттелуіне аса мән беретіндігіне куә болған едік. Мемлекет басшымыз Ұлттық орталық қызметкерлеріне сәттілік тілеп, орталықтағы «Құрметті қонақтар» кітабына ризашылықпен білдірген пікірін және қолтаңбасын назарларыңызға ұсынамыз.