Ортағасырлық қолжазбалардың қазіргі сананың қалыптасуына әсері

Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» бірлесе отырып «Ортағасырлық қолжазбалардың қазіргі сананың қалыптасуына әсері» атты ғылыми-дөңгелек үстелі өткізілді.

Аталмыш шараға Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкерлері, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, дінтанушы, исламтанушы ғалымдар, магистранттар мен ізденушілер қатысты.

Ғылыми конференцияда сөз алған, Иран Ислам Республикасы Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин Иран Ислам Республикасында сақталған қазақ тарихына қатысты ғылыми еңбектердің елге келуіне мүмкіндігінше қолдау білдіретінін айтып, екі жақты келісім шартқа қол қойды.

 

 

Leave a Reply