Электронды оқу залы ашылуы

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығы» РММ электронды оқу залының салтанатты ашылуы болып өтті.

Салтанатты іс-шарада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы оқырмандарға жылы лебіздерін білдіріп, кітап оқу – қоғамның рухани өмірінің маңызды аспектісі екендігін атап айтты, сондай-ақ болашақта орталықтың өсіп-өркендеуі үшін, ірі ғылыми және мәдени орталық болып қалсын деген тілегін білдірді.

Leave a Reply