Орталықтың тарихы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №321 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің кейбір рес публикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес құрылды.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 2017 жылы 10 маусымда “EXPO-2017” халықаралық көрмесі аясында ҚР Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры Садықов Ерлан Батташұлының қатысуымен ресми түрде ашылды.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде сақталатын, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысы бар, олардың сақталуын қамтамасыз ету және пайдалану болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы жазбаша көздерді (көшірмелерімен) (қолжазбалар мен кітаптарды) анықтау, жинау, толықтыру.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының тарихи көздері, қолжазбалар және сирек кітаптармен (көшірмелерімен) жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және реставрациялау, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ретроспективті ақпаратты пайдалану болып табылады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар және жеке және мемлекеттік мұрағаттарда, кітапханаларда, ғылыми мекемелерінде, сондай-ақ шетелдік мемлекеттерде сақталған мұрағаттық құжаттарды, қолжазбалар және сирек кітаптарды (көшірмелері) анықтау және жинау;

2) құжаттарды, қолжазбалар және сирек кітаптар жүйелеу және жіктеу;

3) әдістемелерді әзірлеу, тарихи көздердің ережесін зерттеу және пайдалану;

4) деректі және қолжазба тарихи көздерін насихаттау, әдістемесін дайындау және зерттеу;

5) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шетелде сақталатын және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттар мен қолжазбалар туралы мәліметтерді анықтау;

6) жазбаша көзін анықтау (авторы, уақыты, орны, түпнұсқалығы, мән-жайы мен жасау мақсаты);

7) жазбаша көздер мәтінін анықтау (мәтінді оқу, негізгі немесе бастапқы мәтінін белгілеу оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, құпия жазулар мен қысқартуларды таратып жазу, тілін, стилін т.б. зерттеу);

8) мұрағаттарда, кітапханалар, мұражайлар мен ғылыми мекемелер, шетел мемлекеттерінің қолжазба бөлімдерінде сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға қатысу;

9) шетелдік көздері бойынша деректер базасын жүргізу, тарихи көзіне автоматтандырылған ақпараттық жүйелер енгізу, әзірлеу және сатып алу және автоматтандырылған деректер базасын құру;

10) ғылыми еңбектерді, жазба деректер сақталуын қамтамасыз ету саласындағы басылымдар және әдістемелік құралдарды, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік әдебиетті дайындау және басып шығару;

11) мемлекеттік мекемеге тұрақты сақтауға түскен құжаттар, қолжазбалар және сирек кітаптардың электронды каталогын құру және жүргізу;

12) деректі басылымдар дайындау кезінде мұрағаттық және өзге де мекемелерге ғылыми көмек көрсету, құжаттар жинағын ғылыми рецензиялау, мұрағат және ғылыми мекемелермен баспаға дайындау;

13) мемлекеттік мекемеде сақталатын қолжазбалар және сирек кітаптарды, сақтандыру қорын және құжаттарды пайдалану қорын құру;

14) республикадағы аралас салалардағы ғылыми және мәдени мекемелермен өзара іс-қимыл, шет мемлекеттердегі ұйымдармен өз қызметінің ұқсас бейіні бойынша;

15) іссапарлар мен ғылыми экспедициялар ұйымдастыру және жүргізу;

16) елімізде және шетелде мемлекеттік мекеменің ғылыми-зерттеу экспедициясы мүшелерімен анықталған құжаттарға, қолжазбалар және сирек кітаптарғасараптама және ғылыми сипаттама;

17) қолжазбалар және сирек кітаптарды қалпына келтіру және консервациялау, негіздері қағаз тасығыш құжаттарды реставрациялау;

18) қолжазбалар және сирек кітаптарға мұқаба.