Әр халықтың алтын қазынасы болып табылатын қолжазбалар мен алуан түрлі сирек басылымдардың түпнұсқалары бағзы заманнан бүгінге дейінгі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, әртүрлі тілдерде жарық көрген баға жетпес, құнды жәдігерлер болып табылады. Осы қолжазбаларды бір орталыққа жинастыру, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының атқаратын негізгі міндеттердің бірі.
Қазіргі таңда, Ұлттық орталықта отандық ғылыми-мәдени мекемелердегі және шет елдердегі Қазақстан тарихына қатысы бар жазба деректерді қорға жинау мақсатында шет елдік мекемелермен байланыс жасау жұмыстары жолға қойылып келе жатыр. Осының бір айқын көрінісі ретінде 2017 жылы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы еліміздің жеті және екі халықаралық ғылыми-мәдени орындарымен ынтымақтастық орнатты. Атап айтатын болсақ, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлы дала елінің төл тарихынан сыр шертетін құнды кітаптар мен тарихи деректік құжаттарға бай ҚР Ұлттық архиві мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасын, Ежелгі Тараз ескерткіштері қорық-музейі мен телегей теңіздей терең тарихымыз туралы қалам тартатын Отандық ғалымдар қатары шоғырланған ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институты» РММ-сі мен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Бурятия Республикасының мемлекеттік университеті мен Бурятия Ұлттық кітапханасы cекілді ғылыми-мәдени мекемелерді атауымызға болады.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы өзінің ғылыми-мәдени бағыттағы қызметін жалғастыра келе, 2018 жылы еліміздің он-ға тарта және халықаралық деңгейдегі үш ғылыми орындармен ынтымақтастық орнатты. Атап айтатын болсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен ғылыми-зерттеу орталықтардың бірі Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен оның «Шығыс деректануы, шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті» бөлімі, ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты», «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейі Қостанай облысы мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы», Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі», Академик «Қ.И. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайы» КМҚК-ін атауымызға болады. Ал, халықаралық деңгейде ғылыми-мәден бағытта байланыс орнатқан ғылыми мекемелер: Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Орыс-араб зерттеулері мен ақпарат қоры (Эр-Рияд қ., Cауд Арабиясы Корольдігі,), Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (Стамбул қ., ИРСИКА, Түркия Республикасы,) және Астан Кудс Разави кітапханалар, музейлер мен құжаттар орталығы ұйымы (Мешхед қ., Иран Ислам Республикасы,).
2019 жылы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы бірнеше Отандық және шет елдік ғылыми-мәдени ұйымдармен байланысты орнатты. Олар: Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы, «Академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» КМҚК-мен, ҚР Қорғаныс министрлігінің «ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен» және өзге де ғылыми мекемелермен келісімшарттар жүргізілді. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Халықаралық Ислам Академиясы және ҒА Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану инстиуты, және Түркия Республикасының «YERTAD» тарих және мәдениет қауымдастығы және т.б.
Ынтымақтастық шеңберінде, ҚР Мәдениет және спор министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің қызметкерлері келесідей ғылыми-мәдени мекемелерге барып іс-тәжірибелерімен алмасты. Олар: Армения Республикасындағы Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институты, Стамбулдағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА), Оңтүстік Корея Республикасының Сеул қаласындағы Ұлттық архиві, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Әл-Бируни атындағы Шығыстану институты және Халықаралық Академиясы, Иран Ислам Республикасының Мешхед қаласындағы Астан Кудс Разави кітапханалар, музейлер мен құжаттар орталығы ұйымы және т.б. атауымызға болады.
№ | Мекеменің атауы | мерзімі |
1. | Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті | 15.02.2017 |
2 | Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инстиутты | 09.11.2017 |
3. | Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасы | 09.11.2017 |
4. | ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы | 09.11.2017 |
5. | ҚР Ұлттық архиві | 09.11.2017 |
6. | ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институты» РММ | |
7. | Ежелгі Тараз ескерткіштері қорық-музейі | 04.12.2017 |
8. | Қазақ Ұлттық хореография академиясы | 09.01.2018 |
9. | «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейі | |
10. | Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының «Шығыс деректануы, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениет» бөлімі | 07.02.2018 |
11. | Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы | 28.02.2018 |
12. | Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті | 06.03.2018 |
13. | ҚР БҒМ «Философия, саясаттану жіне дінтану инстиуты» | 06.03.2018 |
14. | Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты | 06.03.2018 |
15. | Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті | 07.03.2018 |
16. | Павлодар облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі» | 16.05.2018 |
17. | Қостанай облысы Мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай Облыстық мемориалдық мұражайы» | 18.05.2018 |
18. | «Зияткер» Кеңес беру-оңалту жеке қоры | 26.06.2018 |
19. | ҚР Орталық мемлекеттің мұрағаты | 16.04.2019 |
20. | ҚР Ғылыми-техникалық құжаттама архиві | 16.04.2019 |
21. | «Академик ҚИ Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» ҚМҚК | 05.06.2019 |
22. | Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Ғылыми-сарапшылық кеңесі» | 16.06.2019 |
23. | Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы | 01.08.2019 |
24. | ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық Әскери-патриоттық орталығы» | …11.2019 |
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
1. | Бурятия Республикасының мемлекеттік университеті | 04.07.2017 |
2. | Бурятия Республикасының Ұлттық кітапханасы | 07.07.2017 |
3. | Орыс-араб зерттеулері мен ақпарат қоры (Эр-Рияд қ., Сауд Арабиясы Корольдығы ) | 01.11.2017 |
4. | Ислам Ынтымаұтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА, Стамбұл қ. Түркия Республикасы) | 20.06.2018 |
5. | Ирандағы Астан Кудс Разави кітапханалар, музейлер мен құжаттар орталығы ұйымы (Мешхед қ., ИИР) | 28.06.2018 |
6. | Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институты (Ереван қ., Армения Республикасы) | 28.11.2018 |
7. | «YERTAD» тарих және мәдениет қауымдастығы (Түркия Республикасы) | 11.09.2019 |
8. | Халықаралық Ислам академиясы (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) | 23.09.2019 |
9. | Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институты (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) | 23.09.2019 |
10 | Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігі | 04.02.2020 |