ПРОФЕССОР Ж.О. АРТЫҚБАЕВТЫҢ ЕЛОРДА ТУРАЛЫ МАЗМҰНДЫ СҰХБАТЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де «Қолжазбалар сөйлейді» атты кезекті бағдарламасында Елорда тарихы туралы келелі де ғылыми тұжырымдарымен бөліскен еліміздің белгілі ғалымы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Артықбаев Жамбыл Омарұлы қонақта болды. Ғылыми-мәдени бағыттағы тағылымы мол бағыттағы бағдарламаның жүргізушісі Ұлттық орталықтың бас сарапшысы Жабықбай Әділәлі.

Профессор Жамбыл Омарұлының кезекті дәрісінде еліміздің бас шаhарының тарихы, өлкетанушы жазушы А.Ф.Дубицкийдің қолжазбаларындағы Елорданың бейнесі, Қараөткел аумағы, XVIII-XIX ғасырлар аралығындағы қаланың сауда орталығы ретіндегі рөлі және оның маңызы, кеңестік уақыттағы бас шаhардың даму тарихы және т.б. өзге де тың мәселелерді көтерді.

Осы ретте, Сіздердің назарларыңызға профессор Жамбыл Омарұлы Артықбаевтың мәнді де мазмұнды қысқамитражды дәрісін ұсынамыз.