«РЕСЕЙ ШЫҒЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТА АЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУДЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті шығыс елдерімен тығыз байланысты. Халқымыздың түркілік ежелгі және ортағасырлық тарихының деректері Ресей зерттеушілерінің жазбаларында молынан көрініс тапқан. Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айының 28-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де «Ресей Шығыстану ғылымының Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуі. Қазақстандағы шығыстанудың дамуы» атты дөңгелек үстел өтті.Ғылыми дөңгелек үстелдің мақсаты – XVIII-XIX ғасырлар аралығындағы Ресей зерттеуші-ғалымдардың еңбектеріндегі Қазақстан мен Орта Азияны зерттеу мәселелерін және елімізде шығыс тілдерін оқу, оқыту мәселелерін қарастыру болып табылады.Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Ережепов Нұрлан Әскерұлы шараны салтанатты түрде ашты. Ғылыми дөңгелек үстелдің модераторы – арабтанушы, ҚР Дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер Сайлау Батырша-ұлы болды.Аталған дөңгелек үстелге Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы («Ортағасырлық шығыс ғұламасының көрнекті зерттеушісі әл-Машани қолжазбалары»), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к. Ақжігіт Әлібекұлы («Еуразия Ұлттық университетіндегі шығыстану мамандарын даярлау»), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Төлеубаева Самал Абайқызы («Кеңестік кезеңдегі шығыстану орталықтары»), ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институты» РММ-нің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Сейітқали Дүйсен Жахияұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының аға оқытушысы Каламшариф Балжан («Шығыс тілдерін оқыту мәселелері»), ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Қолжазбалар және сирек кітаптар» бөлімінің жетекшісі Дариға Дәуренбекова, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас эксперті Абсаликов Алмат Амантайұлы («В.Юдиннің зерттеулеріндегі Өтеміс Қажының «Шыңғыс-нама» шығармасы»), Ұлттық орталықтың қызметкері Музаффаров Райымжан («Қазақстандағы араб тілін оқыту жағдайлары»), студенттер, магистранттар және докторанттар қатысып, келелі де тұжырымды ойларымен бөлісті.Аталған іс-шарада Ресейдің шығыстанушы ғалымдарының зерттеулеріндегі Қазақстан мен Орта Азия туралы мәліметтер және Қазақстандағы шығыстану ғылымының даму барысы және оның өзекті мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында жас зерттеушілер, магистранттар көкейінде жүрген сауалдарға жауап алып, өз қызығушылықтарын білдірді.