Реставратор мамандары тәжірибе алмасуда

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік Архивінің мамандары ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ескі құжаттарды қайта қалпына келтіру жұмысы бойынша 1 ай көлемінде тәжірибе алуда.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Рестоврация- консервация бөлімінің жетекшісі, білікті маман Сырым Сайлауұлы оларға көп жылғы тәжірибесімен қатар қайта қалпына келтіру жұмысының қыр-сырын үйретті.
Еліміз бойынша көне кітаптар, сирек қолжазбалар және маңызды құжаттарды қайта қалпына келтіретін екі-ақ лаборатория бар. Бірі – Алматыдағы ұлттық кітапхана, ал екіншісі – елордадағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы. Реставратор Сырым Сай-лауұлының айтуынша, елімізде реставратор мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны жоқ. Сондықтанда осындай білікті мамандардан тәжірибе алу арқылы ескі мұраларды сақтап қалуға болады.