«Реставрация және консервация» залының ашылу салтанаты өтті

Қазақстанда алғаш рет бірегей, жоғары заманауи технологиямен жабдықталған «РЕСТАВРАЦИЯ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯ» залы өз жұмысын бастап кетті.

Бүгін 15 қараша күні сағат 12-00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының қатысуымен «Реставрация және консервация» залының ашылу салтанаты өтті.

Қолжазбалар мен сирек кітаптардың электронды көшірмесін жасау, сақтау, оқырман игілігіне ұсыну және кейінгі ұрпаққа жеткізу негізгі мақсатымыз болып табылады.

Leave a Reply