«Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» атты дөңгелек үстел болып өтті

2018 жылғы 24 қазан сағат 14-00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Аталмыш іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Мелекет тарихы институтының бірқатар ғалымдары және ЕҰУ студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Ұлы бабамыз Сұлтан Бейбарыстың өміржолы жайлы ортағасырлық құнды еңбектерді зерттеп-зерделеу, ғылыми айналымға енгізу, оқырман игілігіне айналдыру, жас ұрпақтар арасында насихаттау, қыпшақтанушы, бейбарыстанушы мамандарды даярлау мәселелері қарастырылды…

Ісшара соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

 

Leave a Reply