“Тамыры терең туған жер” атты көрмесінің тұсаукесері өтті.

2019 жылы 28 ақпан сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отырып “Тамыры терең туған жер” атты көрме өткізді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан халқына Мақаласы аясында ұсынылған жылжымалы көрмесінің мақсаты: келушілерді тарихи-мәдени маңызы бар, ғылыми құндылығы бар қолжазбалар және сирек, құнды кітаптармен таныстыру, сондай – ақ Г.Н. Потанин атындағы атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кітап мұрасын насихаттау.

«Тамыры терең туған жер» көрмесі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көрме келушілері музей қорынан Павлодар Ертіс өңірінің тарихы туралы деректертермен танысады. Бұл жерде «Әбілқайыр ханның канцлер Головинге жазған хатының», «Сібір комитетінің Коряков станицасын штаттан тыс қала дәрежесін беру және Павлодар деп атау туралы жарлығының», «Ямышев бекінісі жоспарының» фотокөшірмесілері және т.б. көрсетілген.
“Тамыры терең туған жер” көрмесі 2019 жылдың 27 наурызына дейін жалғасады.

Leave a Reply