“Қағаз деректерін сақтау және қайта қалпына келтіру бойынша теория мен практикасы

26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Ислам Республикасы Иранда Қазақстанның төрт мекемесінің мамандарына арналған “Қағаз деректерін сақтау және қайта қалпына келтіру бойынша теория мен практикасы” қысқа мерзімді курстары өтті. Осы курстардың бастамашылары болып Мәдениет және исламдық байланыстарын ұйымдастыру ұйымы, ИИР-дің Архивтер мен ұлттық кітапханасы болып табылады.

Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығынан курстардан өтуге Мусина Данагүл (көрме және оқу залдары жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы м.а.), Абельдинов Нұрлыбек (қолжазбалар және сирек кітаптарды есепке алу, сақтау, қалпына келтіру және бүлінуден қорғау бөлімінің бастығы) жіберілді.

Келген күні делегацияны Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының директоры Нури ханым қарсы алды, ол кейіннен бізді Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының зерттеу және білім беру жұмысының орынбасары Гахреман Солейманимен таныстырды.

Оқу алдында бізді ИИР Архивтер мен ұлттық кітапханасы ұйымның бас директоры Мұхаммад Ходадимен таныстырды, ол курстарды қысқаша сипаттап, бағдарламамен таныстырып өтті.

Курстарды өту кезінде біз ИИР Архивтер мен ұлттық кітапханасы ұйымында бүлінуден қорғау және сақтау саясатымен таныстық;

биологиялық факторларды сәйкестендіру әдістерімен;

қағаз деректерінен қосымша қабаттарды жою әдістерімен;

деректерден дақтарды шығару әдістерімен;

қағаз жұмыстарынан қышқылды дезактивациялау әдістерімен;

қоршаған ортада және зақымдалған деректерден зиянкестерді жою әдістерімен;

құжаттарды цифрлау әдістерімен;

қалпына келтіру әдістерімен; кітаптарды түптеу әдістерімен танысу;

курстарда теоретикалық білімнен басқа, өткен теорияны практикада бекіту мүмкіндігі ұсынылды.

Мысалы, биологиялық зертханада қолжазбалардан зең және саңырауқұлақтарды анықтау үшін талдау алдық;

химиялық зертханада химиялық құралдармен сирек кітаптарды скотчтан тазарттық;

қалпына келтіру бөлімінде, шаймен бояу арқылы, қағазды қалпына келтіруге дайындадық, желімді даярлаумен және карталарды қайта жөндеумен айналыстық.

Біз үшін ең есте қалатын жұмыс түптеу бөлімінде жазу кітапшасын дайындау және оны қысып басу әдісімен ресімдеу.

Оқу қорытындысы бойынша, қатысушыларға аталған курстардан өту фактісін растайтын сертификаттар тапсырылды.

Leave a Reply