Тілжұмсар.

“Кітап – жан азығы” айдары.

Ахмет Байтұрсынұлы. Тілжұмсар. Қызылорда, 1928 ж. Қазақстан жоғары шаруашылық кеңсесінің мемлекеттік баспаханасы басып шығарды.
(Сөйлеу, оқыту, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын 1-кітап).
Ахмет Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, дауысты дыбыстарды қосқанда жалпы 33 әріп, қазақ тілінің төл дыбыстарына ғана тән 28 әріптен тұратын әліпби құрастырды.
Ахмет Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы ғұмырын қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синаксистік ықпалынан тазарумен айналысып, қазақ тілі ғылымын ғылыми айналымға түсірді.
Ахмет Байтұрсынұлының төте жазу әліпбиі – түп негізін араб жазуынан бастау алғандықтан қысқартып «Төте әліпби» деп те атайды.

Leave a Reply