Түркия Республикасы Премьер-Министрлігіне қарасты Мемлекеттік архивтер басқармасының бас директоры, профессор Угур Үнал мырза болды

Түркия Республикасы Премьер-Министрлігіне қарасты Мемлекеттік архивтер басқармасының бас директоры, профессор Угур Үнал мырза Мәдениет және спорт министрілігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-да болып, ХІІ ғасырдан бүгінгі күнге дейін жинақталған ұлттық мәдени-тарихи қолжазбалар мен сирек кітаптар қорымен қоса Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған «Киелі отырардың қасиетті мұралары» атты көрмесін тамашалады.

Көрме барысында Түркия Республикасы Премьер-Министрлігіне қарасты Мемлекеттік архивтер басқармасы арасындағы мәдениет саласындағы өзара түсіністік туралы, сонымен қатар, Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтарының қарым-қатынастарын баяндайтын және қазақтардың Түркия көшіне қатысты қолжазбалар мен қолжазба көшірмелерін, электрондық нұсқаларын зерттеу аясында келіс-сөздер жүргізілді.

 

Leave a Reply