ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 13-ші жұлдызында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Ережепов Н.Ә. және «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің бас сарапшысы Абсаликов А.А. Иран Ислам Республикасы Елшігінің мәдени сұрақтары бойынша кеңесшісі Әли Кебриай Задемен кездесіп, екі жақты ғылыми-мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз қозғалды. Сонымен қатар, болашақта Елшіліктің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп атқарылатын ғылыми және мәдени іс-шараларды талқылап ой алмасты. Алдағы уақытта Елшілік пен Ұлттық орталықтың бірлесіп өткізетін көрмесі жайлы да сөз болды. Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан тарихына қатысты жазба-деректердің көшірмесін алу туралы мәселелер де қозғалды.