Цифрлы Қазақстан: Қолжазбалар және сирек кітаптарды цифрлаудың бүгінгі күнгі мәселелері» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 20 маусым күні сағат 15.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Цифрлы Қазақстан: Қолжазбалар және сирек кітаптарды цифрлаудың бүгінгі күнгі мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Академиялық кітапханасының директорының міндетін атқарушы Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Садуов Асылхан Жұмабайұлы, кітапхана қызметкерлері, ҚР Ұлттық архив қызметкерлері және орталық қызметкерлері қатысты.

Кітапхана директоры Цифрлы Қазақстан бағдарламасы жайында және осы бағдарламаның кітапхана саласында қалай қолданылып жатқандығына тоқталды. Кітапхананың сирек қоры туралы және оларды сандық нұсқаға түсіру қалай жүргізіліп жатқандығы туралы, сондай-ақ, сандық нұсқаға түсіретін құрал жабдықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері жайында да сөз ете келе, орталық қызметкерлерімен тәжірибе алмасуға да қарсы еместігін білдірді. Орталық директоры Садуов Асылхан Жұмабайұлы орталқтағы электронды оқу залы туралы айта келе, алдымызда қордағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптарды сандық нұсқаға көшіру және реставрация, консервация саласында үлкен жұмыстардың күтіп тұрғанын айтты.

Іс-шара соңында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Нұржан Нұрланұлы Орталықтың электронды оқу залына «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» және «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» атты лазерлі дискілерді тарту етті.

Leave a Reply